00:00 2018.02.28

Ауылшаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесі өтті!

2013 жылғы 22 маусымда Көкшетау қаласындағы «Алтын Ғасыр» СҮ алаңында Ақмола облысы бойынша ауыл шаруашылығы Мемлекеттік басқармасы Көкшетау қаласының әкімімен бірге «Есіл» ӘКК» ҰК» АҚ «Көкшетау СДО» ЖШС еншілес ұйымы қатысқан ауылшаруашылық өнімдері жәрмеңкесін өткізді. «Көкшетау СДО» ЖШС өнімдері құрамы алуан түрлі болды, ал қала халқы біздің әлеуметтік бағаларымызды өз дәрежесінде бағалап, май қаймағын, күнбағыс майын, түрлі жармаларды, қант, көкөністер, жемістер, консервіленген ет өнімдерін сатып алды. Көптеген сатып алушылар саудасы туралы, тауарларды кең көлемде ұлғайту, адамдарға қажетті осындай жәрмеңкелерді көптеп өткізу туралы ұсыныстарын айтты.